USD
USD
USD

Ернұр Өтегенов Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Ернұр Өтегенов Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ернұр Өтегенов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ернұр Сапарұлы Өтегенов ведомствоның аппарат басшысы қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ернұр Өтегенов 1978 жылы 23 маусымда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Талдыапан ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Казталов ауданы No15 өрт сөндіру бекетінде өрттің алдын алу тобының инспекторы болып бастаған. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша бітірген.

2002-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2011-2012 жылдары - Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, 2012-2019 жылдары - Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2021 жылдың мамыр айында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park