USD
USD
USD

«Астана-Теплотранзит» жылуға артық ақша алған

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті мәлімдеді.

 «Астана-Теплотранзит»
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Астана тұрғындарының ақпандағы жылу тарифіне қатысты шағымдарынан соң, баға төмендетілетін болды. Енді жылу тарифі 8 пайызға төмендейді.

Жылу энергиясын жеткізуші «Астана-Теплотранзит» мекемесінің қызметін талдау барысында жауапты инспекторлар көрсетілген қызмет көлемінің артуына байланысты негізсіз алынған кірістерді анықтады. Сондай-ақ жеке субъектінің теңгерімінде жоқ нысандарға бағытталған тариф сметасындағы қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны белгілі болды.

Осылайша, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, тұтынушылардың жалпы сомасы 3 млрд теңгеге жуық қаржысы тариф аясында қалпына келтіріледі.

«Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті уақытша өтеу тарифін енгізу арқылы негізсіз алынған табысты қайтару бөлігінде, «Табиғи монополиялар туралы» заңға сәйкес шаралар қабылдады. Қабылданған шаралар тұтынушы үшін жылу тарифінің 8 пайызға төмендеуіне алып келді», – делінген министрлік хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж