USD
USD
USD

Маман даярлау – жауапты іс

Алматы қаласының білім беру мекемелерімен өзара әрекеттесіп, әріптестікті нығайту мақсатында ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК-мен бірлесіп бірқатар жоғары оқу орындарын аралады.

жол сапасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сапардың мақсаты – жол-құрылыс саласындағы кадрларды даярлаудың перспективаларын талқылау, сондай-ақ, білім беру мекемелерімен тығыз ынтымақтастық орнату.

Сапар барысында оқу үдерісімен және оқу зертханаларымен танысып, Алматының бірнеше жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өтті.

Кездесулерге қатысқан Жол активтері ұлттық сапа орталығы Алматы филиалының директоры Мәулен Тоқтарбайұлы мұндай бас қосулардың маңызды екенін атап өтті. Орталықтың инженерлері Алматыдағы жол мамандарын дайындайтын оқу орындарына жиі-жиі барып, кәсіптік бағдар беру бойынша дәрістер оқитынын жеткізді. Жолшы мамандығына қызыққан жастарға ашық есік күндері ұйымдастырылып, жол сапасын бақылау жұмыстарының қыр-сыры таныстырылатыны айтылды.

Қазір оқып жатыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласынан «Достық» станциясындағы терминал тәркіленді

Азамат Қапенов

15 сәуірден бастап мобильді аударымдарды тексеру басталады. Нені ескеру керек?

аударым

Уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды

Дарын Мубаров