USD
USD
USD

Алматы облысында жасөспірім қызға есірткі беріп, зорлаған күдікті ұсталды

Алматы облысында жасөспірім қызға есірткі беріп, зорлаған күдікті ұсталды, деп жазады Kazinform.

жасөспірім
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Адвокат Айжан Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жантүршігерлік жағдай туралы хабарлады.

— Президентке үндеу! Бас прокурордың назарына! Кәмелетке толмаған қызды «есірткіге отырғызған» және зорлаған. Бірақ Алматы облысы, Қарасай ауданының полиция қызметкерлері тек бір адамды қамаған. Басқалары бостандықта жүр. Неге? — деп жазды Айжан Омарова.

Алматы облысының Полиция департаменті аталған жағдай бойынша бір күдікті ұсталғанын растады.

— Күдікті ұсталып қамауға алынды. Полиция қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларының барлық кешені жүргізілуде. Тергеу барысы облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды, — деп хабарлай ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов