USD
USD
USD

Алматыда жер сілкінді

ҚР ТЖМ «ННЦСН и И» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 42 мин 32 сек (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 42 мин 32 сек) жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісі
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 251 км жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.7.

MPV магнитудасы 5.5.

Эпицентрдің координаттары 41.32° С. Е. 78.61° ш. б.

Тереңдігі 5 км.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 2 балл

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, Полиция басқармасына, Казселезащитаға, Прокуратураға және өзге де ұйымдарды хабарлады, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Осыған байланысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салады:

- ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);

- егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды өзіңізге құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;

- ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.

- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз;

- үйлерге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін;

- лифттерді пайдаланбаңыз;

- сіріңке, шам жақпаңыз:

- сымдарды ұстамаңыз;

- зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев