USD
USD
USD

Англия құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 11 шілдеде 1/2 финалдағы екінші ойында Англия мен Нидерланд құрамалары кездесті, деп хабарлайды Kazinform. 

Англия
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Кездесу екі құраманың толассыз шабуылымен басталды. Десе де алғашқы минуттарда екеуі де қателікке бой алдырған жоқ.

Ойынның 7-минутында нидерландтық Хави Симонстің алыстан тепкен добын ағылшын қақпашысы Джордан Пикфорд қайтара алмады.

Өз қақпасына гол жіберіп алғаннан кейін Англия құрамасы таразы басын теңестіруге ұмтылды. Нидерланд құрамасының қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Осындай сәттердің бірінде нидерландтық қорғаушылар өз айып алаңында Англия шабуылшысы Гарри Кейнге қарсы тәртіп бұзды.

Бейнеқайталауды қарап шыққан германиялық Феликс Цвайер Нидерланд қақпасына пенальти белгіледі. Бұл мүмкіндікті Гарри Кейн мүлт жіберген жоқ.

Ал 91-минутта Англия сапынан Олли Уоткинс жеңіс голын соқты.

Осылайша ағылшындық футболшылар 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Айта кетсек, бұдан бұрын жартылай финалда Испания құрамасы Францияны 2:1 есебімен тізе бүктіріп, финалға берілген алғашқы жолдамаға ие болды.

Енді финалда 14 шілдеде Берлин қаласындағы «Олимпиаштадионда» Испания мен Англия құрамалары кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті