USD
USD
USD

Сауд Арабиясы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін шұғыл жиналысқа шақырды

Сауд Арабиясы Газа секторындағы гуманитарлық апаттың алдын алу үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

сауд
Фото: Анадолу

Астана, NEGE. «Қоршаудағы Газа секторының оңтүстігінде орналасқан Рафах қаласына жасалған шабуылдардың салдары өте қауіпті болады», - делінген Корольдік Сыртқы істер министрлігі анклавтың осы бөлігінде Израильдің жердегі ықтимал операциясына байланысты мәлімдемесінде.

Рафах - Израильдің жауыздық агрессиясынан қашуға мәжбүр болған жүздеген мың бейбіт тұрғындардың соңғы баспанасы.

«Біз онда пана іздеген адамдарды мәжбүрлеп эвакуациялауды қабылдамаймыз және қатаң айыптаймыз», - делінген хабарламада.

Сауд Арабиясы тез арада атысты тоқтатуға шақырып, Израиль себеп болуы мүмкін жаңа гуманитарлық апаттың алдын алу үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізу қажеттігін мәлімдеді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ақпанның 4-і күні мәлімдеме жасап, Израильдің Мысырмен шекарада орналасқан және жүздеген мың палестиналық Израиль шабуылдарынан паналаған Рафах қаласына құрлық операциясын бастауды жоспарлап отырғанын ашық айтты.

Дерек көз: ҚазАқпарат

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі