USD
USD
USD

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары жол-көлік апатына ұшырады

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов Майқайың-Павлодар автожолында қызметтік автокөлігімен жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Kazinform.

Павлодар облысы
Фото: ӨКҚ

Алматы, NEGE. Жол-көлік апатының болғаны туралы Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова растады. Оқиға 9 қаңтар күні болған. Серік Барлыбайұлы Майқайыңдағы оқиға бойынша құрылған жедел штабтың мүшесі ретінде алтын кенішінде жүрген.

Сол күні кешкілік қызметтік көлігімен Павлодар қаласына жолға шығады. Асфальттың тайғақ болуынан жеңіл техника жүргізушіге бағынбай, жолдан шығып кеткен.

«Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов пен көлік жүргізушісі дін аман. Тек Серік Барлыбайұлы аздап жеңіл жарақат алған. Денсаулығына төніп тұрған ешқандай қатер жоқ», - дейді баспасөз қызметінің басшысы.

Ал өңірлік полиция департаменті аталған жол-көлік оқиғасы жайында жол полициясында ешқандай дерек тіркелмегенін хабарлады.

Серік Батырғожинов аталған лауазымды 2023 жылдың қараша айынан атқарып келеді. Бұған дейін бірнеше ауданның басшысы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметінде болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова