USD
USD
USD

Жамбылда шенеуніктердің кесірінен 156 жетім бала үй кезегіне тұрмаған

Жамбыл облысының прокуратурасы әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж 350-ден астам азаматтың құқығын қорғады.

Тұрғын үй
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Жамбыл облысының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 356 азаматтың, оның ішінде 156жетім баланың тұрғын үй құқығын қорғады.

Тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жалдамалы тұрғын үй үшін төлемді негізсіз жоғарылату, пәтер беру кезінде кезек сақтамау және т. б. фактілері анықталды.

Мысалы, Байзақ ауданында 2014 жылдан бері 65 баланы қамқоршылары баспанаға кезекке қоймаған.

Прокурорлық ден қою шаралары бойынша жалдау ақысының құнын жалпы сомасы 1,2 млн теңгеге төмендету арқылы 200 азаматтың құқығы қорғалды, 156 жетім бала кезекке қойылды, оның үшеуі үй алды.

Жыл соңына дейін 66 жетім баланы пәтермен қамтамасыз ету жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан