18 Наурыз 18:11

«Қазақтелеком» Ақтаудағы жаңа үйлерді цифрландыра бермек

Сарайшық
Фото: Nege.kz

Еліміздегі ірі телеком-оператор GPON желісін қамту аймағын кеңейтіп, нәтижесінде жуырда Ақтаудағы «Сарайшық» көппәтерлі кешенінің екі жүзден астам тұрғыны «Қазақтелекомның» жаңа технология бойынша цифрлық сервистерін пайдаланушылары қатарынан табылды.

Мұнымен қоса, тұрғындар жоғары жылдамдықты қажет ететін қызметтерді – интернетке, интерактивті теледидарға және заманауи телефония желісіне шектеусіз қосыла алады.

Айта кетейік, өткен жылы «Қазақтелеком» өңірдегі 8 көпқабатты үйді интернетке қосқан болатын. Биыл компания жаңа үйлерде «оптика» құрылысын жалғастырып, GPON технологиясы бойынша әр үйге байланыс желсін жүргізуде. Айтпақшы, GPON (Gigabit Passive Optical Network) – интернетке қол жеткізудің ең заманауи технологияларының бірі саналады. Ол тұрақты жылдамдыққа кепілдік беріп, бір уақытта бірнеше қызметті қосу мүмкіндігіне ие.

Nege.kz

– Пәтерге дейін 100 пайыз оптикалық арнаны ұйымдастыруға мүмкіндік беретін заманауи технология соңғы жылдары жаңа байланыс саны бойынша көшбасшы қатарына енді деуге болады. GPON басқа технологияларға қарағанда деректерді беру жылдамдығын жоғары 500 Мбит/с-қа дейін жеткізе алады. Жыл басынан бері «Сарайшық», «Венера» және «Сабыр» тұрғын алаптарында 4 жаңа құрылысты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз еттік. Тұрғындардың көбі цифрлық қызметті мейлінше пайдалана алуы үшін өңірді оптикамен барынша қамтуға тырысамыз», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ бөлшек бизнес дивизионы батыс өңірінің В2С-сегментінің коммерциялық директоры Лязимай Нұржанова.

Nege.kz

«Сарайшық» тұрғындарының айтуынша, «оптика» келгенге дейін басқа технологиялар арқылы қосылу жылдамдығы жеткіліксіз болған. GPON-мен жағдай бірден өзгеріп, жергілікті халықтың онлайн білім алып, жұмыс істеуіне мүмкіндік туды. Тіпті, интернет кеңістігінде тоқтаусыз, еш кедергісіз сөйлесе алатын болды. Мұны жақында жаңа үйге көшіп келген 42 жастағы Әсем Кенжебаева да растайды. Ол «Қазақтелеком» қызметін қоспас бұрын, ұсыныстарды мұқият зерттеп, отбасы үшін қолайлы тарифтік жоспарды таңдап, жылдамдық пен сапаға риза екенін жеткізді.

«Біз жақында жаңа қызметті қостық. Интернет жылдамдығы жоғары, сапасы жақсы. Өзім кино көргенді ұнатамын және өнер саласындағы жаңалықтарды қалт жібермеуге тырысамын. Мұның бәрі енді «Қазақтелекомның» арқасында кез келген уақытта қолжетімді. Үйде отырып оқу, жұмыс істеу және өз бизнесіңді жүргізу оңайырақ болды», – дейді Әсем Кеңесбаева.

Nege.kz

Өткен жылы гигабиттік желі Ақтаудағы «Нұрлыбек», «Данатас», «Томирис», «Caspian Coast», 28 және 29 шағын аудандардың тұрғындарына қолжетімді болды. Осы жылдың соңына дейін оптикалық байланыс арналарына тағы 22 көпқабатты үйді қосу жоспарлануда. Телеком-оператор дәл осындай жұмысты қазір еліміздің басқа қалаларында да жүргізуге кірісіп кеткен. Қазақстандықтар тарифтер мен қызметтерді қосу шарттары туралы толығырақ компанияның telecom.kz ресми порталынан немесе сату кеңселерінен біле алады.