USD
USD
USD

Елена Рыбакина Доха турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Елена Рыбакина
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 32-ракеткасы, ресейлік Анастасия Павлюченковамен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар 2021 жылы Ролан Гаррос жарысының ширек финалында кездесіп, онда ресейлік спортшы басым түскен еді.

Бұл жолы Елена соның есесін қайырып, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Сағат жарымға созылған бәсеке барысында Рыбакина 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. А.Павлюченкова 2 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Елена Рыбакина финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе