USD
USD
USD

Қытай елінде «Теңге ілу» федерациясы ашылады

Қаңтар айының соңында Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, «Теңге ілу» федерациясы, «Ұлттық және ат спорты түрлері» орталығы өкілдерінің және Қытай еліндегі бірқатар бизнес өкілінің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті.

Көшпенділер ойыны
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. ҚР Ұлттық спорты федерациясы мәлім еткендей, басқосуға негіз болған тақырып – қазақтың ұлттық спорты, «Теңге ілу» федерациясын аспанасты елінде ашу.

Аталған жиында Халықаралық Теңге ілу федерациясының негізін қалаудың алғашқы алғышарттары талқыланды. Түрлі ұсыныстар айтылып, өзекті тақырыптар қозғалды. Қатысушылардың шешімімен, Қытай елінің «Теңге ілу» федерациясы президенті болып, белгілі кәсіпкер Жи Жяньуин ұсынылды.

Өз кезегінде Жяньуин өзіне артылған сенімге алғыс білдіре отырып, теңге ілу спортын Қытай елінде кеңінен насихаттап, дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Жиын соңында елімізден барған өкілдер, Қытай мемлекетін алдағы қыркүйек айында Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына ресми түрде шақырды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж