USD
USD
USD

Автокөлік экспорттаудан Қытай 1-орынға шықты

Былтыр сыртқа 4,91 миллион дана көлік шығарған.

Көлік
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қытай автоөндірушілері қауымдастығының мәліметінше, 2023 жылы ол елдің автокөлік экспорты тұңғыш рет Жапонияны басып озып, әлемде 1-орынға шыққан. Бұл туралы Қытайдың «Жэньминь жибао» порталы мәлім етті.

Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, биыл 31 қаңтарда Жапонияның автоөндірушілері қауымдастығы 2023 жылы жапондық автокөлік экспорты туралы деректерді жариялаған. Соған сүйенсек, 2023 жылы жапондық автокөлік экспорты 4,42 миллион көліктен асқан.

Бұған дейін Қытай автокөлік өндірушілері қауымдастығының деректері өздерінің автокөлік экспорты 2023 жылы 4,91 миллион дана болғанын көрсеткен. Бұл Қытай автокөлік экспортында алғаш рет Жапонияны басып озып, әлемдегі ең ірі автокөлік экспорттаушы болды дегенді білдіреді, - деп жазды «Жэньминь жибао».

Қазір оқып жатыр

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль