Елімізде Орталық Азия елдерінің қатысуымен әскери жаттығу өтеді
Биыл елімізде Әзербайжан мен Орталық Азия елдері: Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның қатысуымен жауынгерлік дайындық шаралары аясында ауқымды әскери оқу-жаттығулар өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен өткен 2024 оқу жылында ҚР Қарулы күштерін даярлау мен дамытудың негізгі шаралары бойынша өткен кеңесте айтылды.
Алматы, NEGE. Министр негізгі күш жауынгерлік даярлықтың сапасына және әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталатынын атап өтті. Қорғаныс ведомствосының басшысы жеке құрамның мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығы осы факторларға байланысты екенін айтты.
«Биыл ел аумағында бес мемлекеттің қатысуымен ауқымды оқу-жаттығулар өтеді. Ол жоғары деңгейде ұйымдастырылуы керек. Жауапкершілік аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін орындау мақсатында бауырлас халықтар мен қарулы күштер арасындағы достық қарым-қатынасты сақтау біз үшін өте маңызды», – деді Қазақстан Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.
Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың атуынша, 2024 жылға 160-тан аса жедел және 70 мыңнан астам жауынгерлік даярлық жөніндегі іс-шаралар жоспарланған. Бас штаб бастығы олардың ішіндегі ең маңыздысы Әскери-теңіз күштерінің, Әскери-әуе күштерінің, «Батыс» өңірлік қолбасшылығындағы арнайы операциялар күштерінің, одан өзге Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери контингенттерінің қатысуымен өтетін «Бірлестік» оқу-жаттығуы екенін атап өтті.
«2024 жылы Қазақстанда барлығы 33 жарыс өтеді. Сонымен бірге әскери спортшылар 17 халықаралық жарыста да бағын сынайды. Биыл қазақстандық әскери қызметшілердің 35 халықаралық тактикалық оқу-жаттығуға қатысуы жоспарланып отыр, олардың алтауы бізде өтеді», – деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.
Қазір оқып жатыр
Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды
Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек
Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты
Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті