USD
USD
USD

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі WTA 500 турнирінің финалында ойнайды

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалында Людмила Самсонованы жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі WTA 500 турнирінің финалында ойнайды
Фото: Фото: ktf.kz

Астана, NEGE. Рыбакина осыған дейін ресейлік қарсыласымен WTA деңгейіндегі турнирлерде төрт рет кездесіп, оның бәрінде жеңілген еді. Қазақстандық теннисші ақыры бұл жағымсыз статистиканы бұзып, осы турнирдің бірінші ракеткасы екенін дәлелдеді.

Керек десеңіз, Елена бірінші сетте қарсыласын 25 минутта "тас-талқан етті" – 6:0. Екінші партияда 1:4 есебімен ұтылып жатқан еді, кейінірек қуып жеткенімен, бірақ соңында қарсыласы басымырақ түсті – 4:6. Елена ойынның шешуші, үшінші сетінде тізгінді қолына алып, сетті 6:2 жеңіп, матчты түйіндеді.

Енді Елена Рыбакина бүгін, 11 ақпанда турнирдің финалында ресейлік тағы бір теннисші, әлемнің 14-ракеткасы Дарья Касаткинамен ойнайды. Ол жартылай финалда бразилиялық Беатрис Хаддад Майяны 6: 3, 4 :6, 7:6 есебімен жеңді.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Астана тұрғындарынан 413 млн теңгені алаяқтықпен жымқырған жетеудің ісі сотқа жолданды

Қылмыстық іс

Маңғыстауда мұнайшыларды наразылыққа үгіттеу ісін ҰҚК тергеп жатыр

ҰҚК

Белгісіз меценат талдықорғандық жас домбырашының миллион теңгеге жуық несиесін жауып берді

Талдықорғандық домбырашы