USD
USD
USD

Елордада жеке сот орындаушылар мүгедектердің төлемдерін заңсыз бұғаттап, оларды жәрдемақыларынан айырған

Астана қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушыларымен мүгедек ретінде әлеуметтік жәрдемақы алушы 27 борышкердің банк шоттарына тыйым салынғанын анықтады.

Жеке сот орындаушы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарынан тыйым салуды алып тастау қамтамасыз етіліп, 27 тұлғаның 1,2 млн. теңге қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік берілді.

Қазіргі уақытта қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy