USD
USD
USD

Үшарал-Достық автожолы ақылы болады

Ұзындығы 180 шақырымды құрайтын Үшарал-Достық автомобиль жолы ақылы болмақ. Бұл жайында Көлік министрінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында айтылған.

Ақылы жол
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, 180 шақырымдық ақылы автомобиль жолмен жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері көліктердің санатына қарай мынадай болады:

— 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі — тн) дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 1 050 теңгені, кейіннен төленгенде 1 240 теңгені;

— 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 2 130 теңгені, кейіннен төленгенде 2 500 теңгені;

— 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін алдын ала төлем жасалғанда 3 180 теңгені, кейіннен төленгенде 3 738 теңгені;

— жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 4 260 теңгені, кейіннен төленгенде 5 010 теңгені;

— жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын ала төлем жасалғанда 5 310теңгені, кейіннен төленгенде 6 250 теңгені құрайды.

Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін 1 айлық және 1 жылдық абонементтер қарастырылған.

Атап айтқанда:

— 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі — тн) дейін жүк автомобильдері үшін 1 айға 3 692 теңге, 1 жылға 44 304 теңге;

— 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін 1 айға 7 384 теңге, 1 жылға 88 608 теңге;

— 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін 1 айға 11 076 теңге, 1 жылға 132 912 теңге;

— жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 1 айға 14 768 теңге, 1 жылға 177 216 теңге;

— жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін 1 айға 18 460 теңге, 1 жылға 221 520 теңге болады.

Айта кетейік, Үшарал-Достық автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану мерзімі 20 жыл деп белгіленбек.

Бұйрық жобасы 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты

.

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

.

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.