USD
USD
USD

Маңғыстауда бес мемлекеттің әскери контингенттері жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді

Маңғыстау облысында Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери қызметшілерінің қатысуымен "Бірлестік-2024" халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.kz.

Маңғыстауда бес мемлекеттің әскери контингенттері жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Ақтау, NEGE. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов оқу-жаттығудың әскери басқару органдарына ҚР Қарулы күштері Бас штабының жедел директивасын тапсыра отырып, жауынгерлік өкімнің мазмұнын жеткізді.

Жауынгерлік жұмыстар барысында командирдің шартты қарсыластың көзін жою туралы шешімі қабылданды.

Басқару пунктінің офицерлері жоспарлауды аяқтады. Әскерлерге практикалық көмек көрсетіп, олардың қойылған жауынгерлік тапсырманы орындауға дайындығын бақылау бойынша жұмыс жүргізілді. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің штабы жаттығуға қатысушы мемлекеттердің әскери контингенттерімен бірлесіп, тапсырмаларды орындауға кірісіп кетті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты