USD
USD
USD

Ресейлік "Пикник" тобының көмекшісі лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқаны белгілі болды

Ресейлік "Пикник" тобының көмекшісі Екатерина Кушнер "Крокус Сити Холлда" болған шабуыл кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейлік "Пикник" тобының көмекшісі лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқаны белгілі болды
Фото: VK/piknik_info

Алматы, NEGE. "Екатерина Геннадьевна Кушнер "Крокус Сити Холлда" болған лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапты. Құдай алдынан жарылқасын", делінген хабарламада.

Топ мүшелері оны екі күн бойы іздеген. Тек бүгін әйелдің жұбайы террористік шабуыл кезінде қайтыс болғандардың арасынан оны тауып, таныды, деп жазады ресейлік БАҚ.

Айта кетсек, 22 наурызда кем дегенде әскери киімдегі үш адам "Крокус Сити Холл" ғимаратының бірінші қабатына баса-көктеп кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Оқиға Пикник рок тобының концертінің басталуына бірнеше минут қалғанда орын алды.

Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, Крокус Сити Холлдағы терактіде қаза тапқандар саны 133-ке жетті. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

24 наурыз Ресейде қаралы күн болып жарияланды.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев