USD
USD
USD

Қазақстан құрамасы Түрікменстанды жеңді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Дубайдағы оқу-жаттығу жиынында Түркіменстан құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футбол
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жабық түрде өткен бақылау ойын Магомед Адиев шәкірттерінің жеңісімен аяқталды.

Ойынның 2-минутында Ислам Чесноков Максим Самородовтың пасынан кейін есеп ашты. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.

Үзілістен кейін 47-минутта Александр Зуев алыстан тоғыздықты көздеп, есепті еселеді.

Айта кетейік, екі жақтың келісімі бойынша матч жабық түрде өтті және ойынның хаттамасы мен шолуы болмайды.

Қазақстан - Түрікменстан 2:0

Голдар: Чесноков 2, Зуев 47

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors