USD
USD
USD

IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының жабылу салтанаты өтті

Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының жабылу салтанаты өтті.

Канвон-2024
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Youth Olympic Park спорт кешенінде ұйымдастырылған іс-шарада еліміздің көк Туын Берік Боранбаев пен Мерей Тастемір ұстап шықты.

 Берік Боранбаев пен Мерей Тастемір
Фото: gov.kz

Жасөспірімдердің ақ қар, көк мұз үстіндегі аламанында Қазақстан құрамасының 41 өкілі 5 спорт түрінің 9 бағдарламасы бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз 1 алтын, 2 қола медаль олжалап, Жасөспірімдер Олимпиадасы тарихындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Нәтижесінде жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте 20-орынға ие болды.

Канвон-2024
Фото: gov.kz

Канвон төріндегі Олимпиадада шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных 214 ұпай жинап, Қазақстан құрамасының қоржынына Жасөпірімдер Олимпиадасы тарихындағы алғашқы алтынды сыйласа, шорт-трекші Полина Омельчук пен шайбалы хоккейден (3×3) ұлттық құрама ойыншылары қола жүлдегер атанды. Хоккейшілеріміз қола жүлде үшін өткен тартысты матчта Аустрия құрамасынан 6:5 есебімен басым түсті.

«Канвонда алауы тұтанған Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының жас атлеттері Корея жеріндегі байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, жанкүйерлерді жүлделермен қуантты. Ұлттық құраманың болашақ ізбасарлары Канвонда 1 алтын, 2 қола медаль олжалап, Жасөспірімдер Олимпиадасында бұрын-соңды болмаған тарихи нәтиже көрсетті. Осындай тамаша жетістікке қол жеткізген жас атлеттерімізді Олимпиаданы сәтті аяқтауымен шын жүректен құттықтаймын. Барлық спортшымыз алдағы уақытта өздеріне қажет болатын құнды тәжірибе жинап қайтты деп ойлаймын», - деді Ермек Маржықпаев.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан спортшылары үш қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысып, 5 медаль жеңіп алған болатын. 2012 жылғы Инсбруктегі (Аустрия) Олимпиадада отандастарымыз 1 күміс, 2 қола олжаласа, Лиллехаммерде (Норвегия) екі қоламен шектелген еді. Осыдан 4 жыл бұрын Лозаннада (Швейцария) өткен ойындарда өкінішке қарай, құрама қоржыны бос қайтты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы