USD
USD
USD

Су тасқыны: Баспанасынан айырылыған тұрғындарға үй салынып жатыр

Атырау облысы Құлсары қаласындағы су басқан үйлердің тұрғындары үшін «Болашақ» шағын ауданынан баспана салынуда.

Атырау
Фото: AMANAT

Атырау, NEGE. «AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалы жанынан құралған партиялық бақылау комиссиясы жұмыс барысын бақылауға алып, құрылыс алаңында партиялық бақылау бекеті орналасты.

Жалпы, 100 үй тұрғызу жоспарланып отыр. Бүгінде 48 баспанының іргетасын қалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Биыл мамырда басталған құрылыс жұмысын қыркүйекте аяқтау жоспарлануда.

Құрылыс
Фото: AMANAT

«Бүгінде бетон төсеу жұмысымен қатар іргетас, монолит құю жұмысы жүріп жатыр. Бұдан кейін тас қалау жұмысы басталады. Оған қажет инертті материалдар мен құрылыс материалдары жеткілікті. Құрылыс жұмысын «Орлан» ЖШС, «Армандастар-Атырау» ЖШС, «Казкомсервис» ЖШС жүргізіп жатыр», – деді «AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалының төрағасы Сайлаубай Таласов. 

Айта кетейік, 80 үй «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынса, қалған 20-сы жергілікті бюджет есебінен тұрғызылады. Жобаға сәйкес, әр тұрғын үйде 5 бөлме болады. Ал жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде, ас бөлмесі, екі жатын бөлмесі, қонақ бөлмесі мен санитарлық торап бөлмесі қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтар отбасымен құдандалы болған экс-премьер түрмеден үйқамаққа ауысты

Наджиб Разак

«Күйеуім сектаның ықпалынан шыға алмай жүр»: Нұртас Адамбайдың жұбайы дабыл қақты

Нұртас Адамбай мен жары Ғалия

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу