Алматылық құтқарушылар СҚО-ға көмекке жіберілді
Алматы қаласының құтқарушылары Солтүстік Қазақстан облысына жіберілді.
Алматы, NEGE. Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, құтқарушылар су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды.
"Алғашқы күндерден бастап Заречныйс кентінде, сондай-ақ, Ренет, Труд, Восход, Надежда, Обувка, Кристал, Сатурн, Нептун, Проектировщик, Весна, Жемчужина, Строительный, Клинок, Ивушка, Тихая заводь, Голубой огонек, Зеленый луг, Изумруд саяжай алаптарында эвакуациялық шаралар барысында жергілікті тұрғындарды хабардар ету жүргізілді", - деп хабарлады ТЖД-да.
11 сәуірде Петропавл маңындағы Кожевенный кентіндегі тұрғындарды хабардар етуге жеке құрамнан елуден астам адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, алматылық құтқарушылар тұрғандарға мүлікті шығаруға көмек көрсетуде.
Подгора шағын ауданының жергілікті тұрғындарын эвакуациялау туралы жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
"11 сәуірдегі жағдай бойынша, 3 күн ішінде алматылықи құтқарушылар 1430 жеке тұрғын үйді аралап шықты", - делінеді хабарламада.
Қазір оқып жатыр
«Өмірде ешкімге жеңілдік жоқ»: протезбен жаттығатын бодибилдер шабытты қайдан алады?
Астанада блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады
Қазақстан мен АҚШ тарабы Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады
Өзбекстанда екі күн бұрын қызметінен кеткен экс-министр ұсталды – БАҚ