USD
USD
USD

Түркістан облысында оқушы қыз 3-қабаттан секіріп кетті

Аталған жағдай бойынша Түркістан облысы полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Kazinform.

Терезе
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға Келес ауданында болған.

Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген бала жансақтау бөліміне жатқазылған.

«Жағдайы ауыр болатын. Бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Тексеру нәтижесінде бас ми жабық жарақаты, жамбас және омыртқаның жабық сынығы анықталды. Алғашқы көмек көрсетіп, емдедік. Қазір сынық-сырқат бөлімінде ем қабылдап жатыр», — деді дәрігер-травматолог Абдусамат Утамуратов.

Аталған жағдай бойынша Түркістан облысы полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Болған оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталып жатыр.

«Сараптама тағайындалды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай