USD
USD
USD

Батыс Қазақстанда есепші 7 млн теңге бюджет қаражатын құмар ойынға салып жіберген

Батыс Қазақстан облысында есепші 7 млн теңге бюджет қаражатын құмар ойынға жұмсап жіберген.

Казино
Фото: ғаламтордпн

Алматы, NEGE. БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Қаратөбе ауданында болды.

Қаратөбе ауданы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлімі 1-тармағына (ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сәйкес материалды тіркеп, БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолдады.

«Қаратөбе ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы есепшісінің құмар ойынмен айналысқаны анықталды. Есепші басшының рұқсатынсыз және бұйрығынсыз оның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, 7 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған. Есепші жауабында өзінің және жұбайының атына ашылған жеке кәсіпкерлік субъектісіне бюджет қаржысын бірнеше рет аударып келгенін айтты. Қазіргі таңда оны экономикалық тергеп-тексеру департаменті күдікті ретінде таныды. Кінәсі дәлелденген жағдайда оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін» деп хабарлады ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі