Референдум Референдум
USD
USD
USD

Баланың денсаулық паспорты электрондық форматқа ауыстырылады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыс шеңберінде баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа көшіру жобасын әзірледі.

Денсаулық паспорты
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ата-аналар бұл құжатты бірінші сыныпқа түскен кезде міндетті түрде мектепке ұсынады, балалар саны жыл сайын 380 мыңнан асады.

Баланың денсаулық паспорты – денсаулықты нығайтуға, аурулардың алдын алуға және кішкентай пациенттерді емдеуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар туралы ақпаратты қамтитын негізгі құжат.

Бұл құжатты қағаз жүзінде жүргізу көбінесе оның жоғалуына немесе өзекті деректерді жоғалтып алуға, емханаларда ұзақ күтуге әкелді. Осы проблемаларға жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа ауыстыруға кірісті.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін тестілеу кезінде баланың 72 электрондық денсаулық паспорты (052-2/е нысаны) қалыптастырылды. EGov Mobile-мен электрондық паспортты интеграциялау процесін 2024 жылғы тамызда аяқтау жоспарланған.

Электрондық паспортты енгізу ата-аналар үшін қағазбастылықты азайтады, сондай-ақ eGov Mobile және eDensaulyq электрондық қызметтері арқылы балалардың денсаулығы туралы ақпаратты алуды ыңғайлы етеді. Білім беру мекемелері оқушылардың денсаулық жағдайы туралы өзекті деректерді жедел ала алады, олар емханаларда медициналық қарап-тексеруден кейін автоматты түрде беріледі.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда