USD
USD
USD

Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай опырылып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

шатыр
Фото: instagram/serik__mukhamediev

Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

Петропавл, NEGE. Қала әкімі Серік Мұхамедиев өзінің Instagram парақшасында бұл үйдің төбесі ешқашан жөнделмегенін айтты.

"Соңғы күндері қалада қалың қар жауды. Жауын-шашынның мөлшері нормадан екі есе көп болды. Қар мен мұздың жиналып қалуына байланысты, бүгін Абай көшесі, 84-і үйдің төбесі ішінара опырылып түсті. Айта кету керек, мұнда шатырды жөндеу жұмыстары ешқашан жасалмаған екен. Қазіргі уақытта мамандар үйдің төбесін тексеріп жатыр", – деді Серік Мұхамедиев.

Әкімнің айтуынша, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің негізгі бөлігі 80-жылдары салынған.

"Біразында жөндеу жұмыстары осы күнге дейін жүргізілмепті, үйдің жай-күйіне меншік иелері тарапынан тиісті назар аударылмаған", – деді Серік Мұхамедиев.

Төтенше жағдайға байланысты әкім қала тұрғындары мен коммуналдық қызметкерлерге шатырларды қар мен мұздан тазартуды сұрады.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай