USD
USD
USD

Жетісу облысында 4 күн бұрын жоғалған жігіт өлі табылды

Жетісу облысы Көксу ауданында 4 күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғалған жігіт
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 23 сәуірде Көксу ауданының полиция бөліміне ұлының жоғалғаны туралы арызбен Еңбекшіқазақ ауылының тұрғыны жүгінді. Оның айтуынша, 29 жастағы жігіт мал жаюға шығып, оралмаған. Жоғалған адамды іздеуге аудандық полицияның барлық жеке құрамы, жергілікті тұрғындар мен еріктілер бағытталды.

"Сол күні жоғалған жігіттің жылқысы Ескелді ауданының Жаңалық ауылында табылды. Көрші ауылдарды Көксу өзені бөліп тұрғаны ескеріліп, іздеуге облыс құтқарушылары қосылды.

27 сәуірде іздеу іс-шараларының барысында жоғалған адамның зорлық-зомбылық белгілерісіз мәйіті Көксу өзенінің түбінде табылды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді полиция департаментінің бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала