USD
USD
USD

Тамара Дүйсенова кімдерге хиджабпен жұмысқа баруға болатынын айтты

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің бірлескен алқа мәжілісінен кейін жұмыста хиджаб кию мәселесіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

Тамара Дүйсенова
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Жалпы ол жөнінде ешқандай норма жоқ. Бірақ өздеріңіз де білесіздер. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы да пікірін айтты. Естеріңізде болса, әсіресе өткен жылы бұл мәселе мектепке байланысты көп болды. Оны егер азамат өзі таңдаса, өзінің таңдауы болса, ол оның Конституциялық құқығы», – деді вице-премьер журналистің сұрағына берген жауабында.

БАҚ өкілі: «Тіпті мемлекет қызметшісіне де хиджабпен жұмысқа келуге рұқсат бар ма?» - деп нақтылады.

«Ол өзінің құқығы ғой. Себебі оған ешқандай шектеу жоқ. Бірақ біз қандай мемлекет екенімізді ұмытпайық. Біз өзімізді зайырлы мемлекетпіз деп есептейміз. Сондықтан да біз сол Конституцияға сәйкес жұмыс істеуіміз керек», - деді Тамара Дүйсенова.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.