USD
USD
USD

Түркістан облысында аудандық білім бөлімінің бас маманы 6 жылға сотталды

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бас маманы 6 жылға сотталды. Ол кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құрған.

Сот үкімі
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Нақтырақ айтқанда, бөбекжай балабақшасына жоқ баланы тіркеп, мемлекеттен ақша алып отырған. Балабақшаға жеңілдіктер мен артықшылықтар беріп, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, алдау жолымен аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырған деген күдікке ілінген. Меншікке қарсы және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

«Мемлекеттік айыптаушы айыпты қолдап, ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2)-тармағымен және ҚК-нің 364-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуді белгілеуді сұраған», – деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.

Сотталушы ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен және 364-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабы 1 және 3-бөліктерін қолданып, жазаны түпкілікті өтеуге, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

кісі өлімі

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Пәтер

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Жер сілкінісі

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады

жол апаты