USD
USD
USD

Алматы облысынан Батыс Қазақстан облысына 130 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді

Алматы облысынан Батыс Қазақстан облысына жалпы көлемі 130 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Алматы облысы әкімдігі
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы, NEGE. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше гуманитарлық көмектің 100 тоннасы темір жол арқылы, 30 тоннасы «Алтын орда» сауда базары ұйымдастырған жүк көлігімен жөнелтілді.

Сондай-ақ, облыс кәсіпкерлерінің қолдауымен арнайы қорға 30 млн теңге қаржылай көмек аударылды.

«Бүгін су тасқыны болған аймақтарға көмек көрсету мақсатында облыстан 15 волонтер аттанатын болады. Гуманитарлық көмекті жинауға облыстың 9 ауданы, 1 қаласы, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «AMANAT» партиясының мүшелері, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының облыстық филиалы мен қайырымды жандар өз үлесін қосты», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Гуманитарлық көмекті жинақтау үшін құрылған «Күшіміз-бірлікте» волонтерлар штабының жұмысын ұйымдастыруға кәсіпкерлік, жұмылдыру дайындығы, ішкі саясат басқармалары, баспасөз қызметі, Қонаев қаласының әкімдігі қолдау көрсетті. Штаб жұмысына 300 ден астам волонтер қатысты.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев