USD
USD
USD

Семейде ұсталған адамды азаптады деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды

Семейдегі орталық полиция бөлімінің қызметкері қамауға алынды. Ол ұсталған адамды қылмыс жасағанын мойындату мақсатында "азаптады" деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Семейде ұсталған адамды азаптады деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды
Фото: Фото: Zakon.kz

Семей, NEGE. Бұл іс Қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағы (Азаптаулар, яғни лауазымды адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі) бойынша тіркелді.

2024 жылғы 26 қаңтарда Абай облысының прокуратурасы күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.

"Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр",-Абай облысының прокуратурасы

ҚПК-тің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, басқа ақпарат жария етілмеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты