USD
USD
USD

Су астында қалған үйлер азайған жоқ

Еліміздің бірқатар аймағында су тасқынының беті қайта бастады. Десе де кейбір өңірлерде үйлер әлі су астында. Бүгінде Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың көмегімен 100-ден астам үйде және 10 бизнес нысанында су сору жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ce
Фото: ТЖМ видеосынан кадр

Атырау, NEGE. СҚО-ның Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында да су сору жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп айтты.

«Республика бойынша 8 615 тұрғын үй және 2 994 аула аумағында судың бағыты бұрылып, су сорылды. 49 819 адам өз үйлеріне оралды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға жалпы саны 14 409 адам, 1 413 техника, 311 су сору құралы, 69 жүзу құралы, 5 әуе кемесі жұмылдырылды», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі