USD
USD
USD

Допинг қолданатын спортшыларға жеке Олимпиада өткізілмек

PayPal мен Palantir компанияларының негізін қалаушы, миллардер Питер Тиль допинг пен стероид пайдаланатын спортшылар арасында Олимпиада өткізбек.

спорт
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE.  Алғашқысы 2025 жылы ұйымдастырылуы мүмкін, деп хабарлады Bassport.kz.

The New York Post газетінің жазуынша, қатысушылардың сайыс барысында шынайы және ашық түрде допинг қабылдауына болады. Олимпиада ойыны Enhanced Games компаниясының қолдауымен өтпек. Бұл компания биологиялық және тағамдық қоспаларды зерттейді.

Мұндай ойындарды өткізудің мақсаты – допинг немесе «таза» спорттың пайдасына өз таңдауын жасай алатын және олар жарысатын елдердің спорт федерациялары мен Үкіметтеріне тәуелді емес спортшылардың ерікті таңдауы.

Тильдің идеясы әртүрлі реакцияларға ие болды. Кейбіреулер оны спортшының өмірі мен спорт үшін қауіпті деп атады.

Дегенмен миллиардер 17 сәуірде идеяны ұсынады. Ал жазда ол ХОК басшысы Томас Бахпен кездесіп, осы мәселені талқыламақ.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші