USD
USD
USD

Баянауылдағы туристік орындарда қарақұрт қаптап кетті

Әсіресе Торайғыр көлінің маңында көбейіп кеткен.

Қарақұрт
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары қауіпті жәндіктің дернәсілдерін қолмен жинап жатыр. Биылғы маусым басынан бері қарақұрттың 245 аналығы жойылған.

Биылғы мамыр айында парк қызметкерлері Торайғыр көлінің маңындағы тастақ жерлерден қарақұрт жұмыртқаларын тапқанын, демек жаз маусымында қауіпті жәндіктің қайта шығу ықтималдығы бар.

Мекеменің ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы Динара Күншуақованың айтуынша, қарақұрт ұлттық парк аумағында былтырдан бері байқалған. Әсіресе Торайғыр көлінің маңында көбейіп кеткен.

«Ұлттық парк аумағы айрықша қорғалатын жер болғандықтан мұнда химиялық өңдеуге тыйым салынған. Мамандарымыз қарақұрттың жұмыртқаларын іздеп тауып, бірден жойып отырады. Аналықтарын сол жерде жаншып, өртеп құртамыз. Мамыр айынан бері 245 қарақұртты жойдық», - дейді ол.

Орман инспекторлары көрікті өлкеге келіп жатқан туристерге сақ болуды ескертіп отыр. Дейтұрғанмен биыл адамдарды қарақұрт шаққаны жайлы дерек тіркеле қойған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қызылордадағы учаскелік полиция инспекторының өлімі: күдікті қамауға алынды

Полицей өліміне күдікті

Төрт жыл іздеуде болған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Түркиядан жеткізілді

The finiko

Таиланд қазақстандықтардың визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты

Таиланд

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина