USD
USD
USD

Сенат насыбай сатқандарға қылмыстық жаза тағайындайтын заңды қарастырып жатыр

Қазақстанда насыбай сатушылар Қылмыстық кодекс аясында жауапқа тартылады, деп хабарлады Kazinform.

Насыбай
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің алдын алу қызметі басқармасының бастығы Руслан Қаржаспековтың айтуынша, заң жобасы Сенатта қаралып жатыр.

Спикердің айтуынша, қазір насыбай сату бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексте жауапкершілік қарастырылған (196-бап – «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау») және 25 АЕК көлемінде айыппұл көзделген. Бұл шамамен 92 300 теңге.

«Қазір Сенатта Денсаулық сақтау министрлігі бастамашылық еткен заң жобасы жатыр, оның шеңберінде насыбай мен вейптерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді және ол әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілік ретінде есептелетін болады», - деді Руслан Қаржаспеков.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский