USD
USD
USD

US Open: жасөспірімдер арасында Соня Жиенбаева келесі айналымға өтті

Қазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында бастапқы матчтарын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соня Жиенбаева
Фото: ҚТФ

Алматы, NEGE. Қазақстандықтардан WTA рейтингісінде 779-орында тұрған Соня Жиенбаева ғана жеңіске жетті.

Соня алғашқы айналымда әйелдер рейтингісінде 1330-орындағы норвегиялық Эмили Сартс-Лундемен (№ 29 ITF Juniors) сынға түсті.

Қазақстандық жас теннисші қарсыласын 7:6 (7:5), 6:3 есебімен қапы қалдырды. Бәсеке бір сағат 25 минутқа созылды.

Жарыстың 14-ракеткасы болып тіркелген С.Жиенбаева үшінші айналымға өту үшін америкалық Аланис Хэмилтонмен шеберлік таластырады.

Асылжан Арыстанбекова чехиялық Елиска Тишаковамен ойында бірінші партияда 3:1 есебімен алға шыққанымен, сол басымдылықты ұстап тұра алмады – 6:7 (5:7), 1:6.

Бозбалалар арасында доданы іріктеу сайыстарынан бастаған Даниал Рахматуллаев алғашқы айналымда швейцариялық Флинн Томастан өте алмады – 6:7 (4:7), 2:6.

Қазақстанның басты үміті, ATP рейтингісінде 1033-сатыдағы Әмір Омарханов үшін биылғы US Open сәтсіз болды. Жарыстың 10-ракеткасы болып тіркелген Ә.Омарханов бразилиялық Луис Гуто Мигельге жол берді – 6:7 (3:7), 3:6.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе