USD
USD
USD

Төрт облыстағы 7 жолда көлік қозғалысы шектелді

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жол жабылды
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы «ҚазаАвтоЖол» компаниясы хабарлады.
Ақмола облысында - жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайтын 1 автожол (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел)
1. «Екатеринбург-Алматы» Жібек Жолы ААП - Қарағанды обл.шекарасы (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін)

Қарағанды облысында – жалпы ұзындығы 556 шақырымды құрайтын 4 автожол. (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел)
1. «Қызылорда-Павлодар» Қарағанды қ.-Павлодар обл.шекарасы
2. «Екатеринбург-Алматы» Алматы обл.шекарасы- Теміртау ААП
3. ⁠»Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» Қарағанды қ.-Қарқаралы қ.
4. ⁠ «Қызылорда-Павлодар» Ұлытау обл.шекарасы-Топар а. ⁠(қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін)

Павлодар облысында - жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын 1 автожол.
(Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. «Қызылорда-Павлодар» - Қарағанды обл.шекарасы-Шідерту ауылы. (Қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін)

Ұлытау облысында - жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын 1 автожол.
(Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. «Қызылорда-Павлодар» - Атасу а.-Қарағанды обл.шекарасы (қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп–ұстауға 611 бірлік техника және 1250 жолшы жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу