USD
USD
USD

«Охотзоопром» өздері атқан киіктерден қанша мүйіз алынғанын айтты

«Охотзоопром» өндіріс бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры Марлен Айнабеков атылған киіктерден қанша мүйіз алынғанын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. «Биологиялық негіздеме бойынша Орал популяциясына жататын киіктердің 20 пайызынан аспайтын көлемін (226 мың бас), Бетпақдала популяциясының 15 пайызын (111 975 бас) ұсынылған болатын. Киік санын реттеу шарасы 2023 жылдың 6 қазанында басталып, 2024 жылдың 10 ақпанында аяқталды. 42 мың бас киік ауланды. Бұл биологиялық негіздеме ұсынған жоспардың 12 пайызы деген сөз», – деді ол.

Сондай-ақ, Марлен Айнабеков киік аулау түнде жарық көмегімен ату арқылы, күндіз тор құрып қамау арқылы жүргенін атап өтті.

«Киік аулау жұмыстарына жол талғамайтын 27 «джип» көлігі, тағы 21 әмбебап кузовты жүк көлігі тартылды. Киік санын реттеу жұмыстарына атсалысу үшін 191 адаммен қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалып, 43 аңшы топ құрылды. Қазіргі таңда «Охотозоопром» кәсіпорнында 42 161 киік мүйізі сақтаулы тұр», – деді «Охотзоопром» кәсіпорнының директоры.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

 AZAL апаты

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Бала

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Burj Al Arab

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр

Жол ережесін бұзу