Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде төртінші орынға көтерілді
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Prosport.kz.
Алматы, NEGE. Жекелей сында алғашқы үштікте өзгеріс бола қойған жоқ.
Польша өкілі Ига Швентек көш бастаса, белоруссиялық Арина Соболенко екінші, америкалық Кори Гауфф үшінші орында тұр.
Кеше Әбу-Даби WTA 500 турнирінде чемпион атанған қазақстандық Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы ығыстырып, төртінші сатыға көтерілді.
Е.Рыбакина Доха WTA 1000 жарысын екінші айналымнан бастап, қытайлық Чжу Линьмен кездеседі.
Дохада іріктеу сайыстарынан өте алмаған Юлия Путинцева 69-дан 76-ға сырғыды.
Жұптық сында бұрынғыша бельгиялық Элизе Мертенс, тайбэйлік Се Шувэй және аустралиялық Сторм Хантер алда келеді.
Қазір оқып жатыр
Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады
Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды
ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады
Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті