2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Көкшетау мектептерінде наркодиспансерлік есепте тұрған күзетшілер жұмыс істеп келген

Көкшетау прокуратурасы Ақмола облысының полиция департаментімен бірге ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

pixabay
Фото: pixabay

Көкшетау, NEGE. Тексеру барысында "Алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, тәуелділік синдромы" диагнозымен наркологиялық диспансерлік есепте тұрған күзетшілер анықталды.

"Күзетшілердің өздеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі бөлігінде басқа да бұзушылықтар, сондай-ақ оларды күзетші ретінде еңбек қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын баптар бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды", - дейді Ақмола облысының прокуратурасы.

Тексеру нәтижелері бойынша Көкшетаудың прокуратурасы уәкілетті органға кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тарту және қызметкерлерді мектептерді қорғаудан шеттету мақсатында заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті