USD
USD
USD

Бүгіннен бастап Қазақстанда вейпке тыйым салынды

Бүгін, 20 маусымда Қазақстанда вейптер мен шекпейтін темекі өнімдерін сатуға және жарнамалауға тыйым салатын заң ресми түрде күшіне енді.

Вейп
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға 19 сәуірде қол қойған болатын. Бүгін ол ресми түрде күшіне енді.

Заңда шегуге келмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған.

Қылмыстық кодекстің 301-1 бабы шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және таратқаны үшін 200 АЕк дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамалады.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова