USD
USD
USD

«Реал Мадрид» — Чемпиондар лигасының 2024 жылғы жеңімпазы

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалында «Реал Мадрид» (Испания) пен «Боруссия Дортмунд» (Германия) кездесті, деп хабарлайды Kazinform. 

UEFA
Фото: UEFA

Алматы, NEGE. Кездесу барысында қос команда бірден белсенді қимылымен көзге түсті. Бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, гол соғатын мүмкіндікті іздеді.

Бірінші кезеңде «Боруссия Дортмунд» ойыншылары жиі шабуылдады.

Кейбір сәтте «Реал Мадрид» қорғаушылары гол соғуға мүмкіндік бермесе, ендігі бір сәтте германиялық команда футболшылары көздеген нысананы дәл көздей алған жоқ.

Екінші кезеңде испаниялық клубтың басымдығы байқалды. Олардың тарапынан бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырылды.

Ойынның 74-минутында «Реал Мадрид» сапынан Даниэль Карвахаль гол соқса, Винисиус Жуниор 83-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша испаниялық клуб қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, кубокты төбесіне көтерді.

«Реал Мадрид» соңғы он жылда бес мәрте финалға шығып, бәрінде жеңімпаз атанған.

«Боруссия Дортмунд» командасы 1997 жылы Чемпиондар лигасында топ жарды.

Ал 2013 жылы финалда «Бавария» командасына 1:2 есебімен жол берген еді. Осылайша «Боруссия Дортмунд» он бір жылдан кейін қайтадан финалға жолдама алды.

Қазір оқып жатыр

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті

Қазақстанда кедейлік деңгейі төрт есеге жуық төмендеді

ақша