USD
USD
USD

Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымының артуы талқыланды

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның ішкі және сыртқы сауда министрі Томислав Момировичпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.kz.

Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымының артуы талқыланды
Фото: gov.k

Астана, NEGE. Кездесу барысында екі мемлекет арасындағы сауда байланыстарын кеңейту мүмкіндіктері талқыланды, осы тұрғыда сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Сербия үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысын өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстандық дипломат екіжақты тауар айналымын әртараптандыру қажеттігін атап өтті, осы тұрғыда орта дәліздің кеңейіп келе жатқан мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға шақырды.

Т. Момировичтің айтуынша, ресми Белград Қазақстанмен қарым-қатынасты саяси және экономикалық деңгейде дамытуға көп көңіл бөледі.

Министр серб тарапының бірлескен экономикалық жобаларды жүзеге асыруға деген үлкен қызығушылығын растады. Осыған байланысты, ынтымақтастықтың жаңа тауашаларын зерделеу мақсатында Т. Момирович 2025 жылдың басында Сербия бизнес делегациясымен Қазақстанға келуге дайын екенін білдірді.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков