USD
USD
USD

Қызылорда облысында 9 түйені атып, сойып алған қылмыскерлер ұсталды

Қызылорда облысында мал ұрлығымен айналысқан 24-30 жастағы қылмыстық топ мүшелері далада жайылып жүрген жерінен 9 түйені атып, сойып алып кеткен.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қызылорда облысы полиция департаменті және Қазалы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері түйе ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді. Биыл ақпан айында Әйтеке би кентінің тұрғындарынаң арыз түсті. Онда түйе малдары қолды болғаны айтылған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қаншама малды қолды еткен ұрыларды анықтады.

«Тексеру барысында олардың 9 түйені далада жайылып жүрген жерінен атып, сойып алып кеткендігі белгілі болды. Қылмысқа күдікті ретінде 24-30 жастағы азаматтар ұсталып, бөлімнің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ зат ретінде аңшы мылтығы мен оның патроны, пышақтар, мал терісі алынды. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Полиция қызметкерлері күдіктілердің облыс аумағындағы басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду