USD
USD
USD

Алматыда ONAY жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Алматыдағы Көлік холдингінің хабарлауынша, DDOS шабуылынан туындаған ONAY мобильді қосымшасының кейбір сервистеріндегі шектеулер жойылғанын хабарлады.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. "9 тамызда сағат 23:00-ден бастап Алматы Көлік холдингінің желілік ресурстарына бұрын-соңды болмаған DDOS шабуылы жасалды. Бұл ретте автобустардағы жабдық штаттық режимде жұмыс істеді. Жол ақысы көлік картасы, СМС-хабарлама, ONAY мобильді қосымшасы арқылы төленді. Кейбір пайдаланушылар DDOS шабуылына байланысты Мобильді қосымшаның кейбір қызметтерінде шектеулер болуы ықтимал", - делінген хабарламада.

Холдинг мамандары жүйе жұмысын ретке келтіру бойынша жұмыс істеді. Қазіргі уақытта барлық байланыс сервисі мен арналары штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.

Көлік холдингінің мамандары жағдайды бақылауда ұстап, жедел режимде жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес