USD
USD
USD

Асы обсерваториясының жанында қар көшкіні жолды жауып қалды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 11 ақпанда сағат 09:10-да тау баурайында жалпы көлемі 67,5 текше метрді қар көшкіні болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асы обсерваториясының жанында қар көшкіні өздігінен түсіп, жолды жауып қалды
Фото: Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Қар көшкіні облыстық маңызы бар "Түрген ауылы - Батан" автожолын бөгеген. Автожолды тазарту жұмыстарын "Қазселденқорғау" қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Түрген өзенінің арнасы бойынша су кедергісіз өтіп жатыр. Зардап шеккендер жоқ, ештеңе қирамаған.

"Азаматтардың қауіпсіздігі және автокөліктің жол қозғалысы мақсатында жолдың осы учаскесі бойынша жол 2024 жылғы 1 мамырға дейін Есік қ.- Есік көлі және Түрген автожолының 15-шақырымынан 41-шақырымына және Түрген ауылы-Батан-Асы обсерваториясы автожолының 20-шақырымынан 41-шақырымына дейін жабылды",- дейді төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Экс-министр Асхат Оралов «Әділет» партиясында жаңа қызметке ие болды

Асхат Оралов

Қазақстанда тонау және есірткі саудасымен айналысқан 22 қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті

Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Данияр Елеусінов

Рақышев пен Ибрагимов қаржы құйған рамен бизнесінің қазіргі жағдайы қандай?

Кеңес Рақышев, Шухрат Ибрагимов