USD
USD
USD

Ақсуда күйік шалған екі әйел адамның жағдайы анықталды

Олардың бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

даригер
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар, NEGE. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 24 мамыр күні сағат 20:07 минутта жедел жәрдем бригадасы Ақсу ферроқорытпа зауытынан зардап шеккен екі адамды Ақсу қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізді.

Науқас пен жедел жәрдем фельдшерінің айтуынша, өндірістік жарақат, күйік шамамен 30 минут бұрын жұмыс орнында болған. Тексеруден және медициналық көмек көрсетуден кейін 1985 жылы туған әйел адам оң қолының термиялық күйігімен амбулаториялық емдеуге жіберілді.

– Екінші зардап шеккен 1999 жылы туған әйел ауыр термиялық күйікпен реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды, – деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккен адам жағдайдың ауырлығы мен бейінді бөлімшеде емдеу қажеттілігі ескеріле отырып, санитарлық авиация желісімен медициналық көмек көрсету үшін Павлодар қаласы №1 ауруханасының күйік бөлімшесіне ауыстырылды.

Еске сала кетейік, Ақсу ферроқорытпа зауытында екі кран машинисі зардап шекті.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы