USD
USD
USD

Атырауда тағы да ата-аналарды шошытатын хабарлама тарады

Әлеуметтік желілерде бейтаныс тұлғалар Атыраудағы мектептерде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы тағы да ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

мектеп
Фото: zakon.kz

Атырау, NEGE. Атырау полициясы осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймыз.

"26 қаңтардан бері құзіретті органдармен бірлесіп оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатырмыз".

Мектеп оқушылары штаттық режимде оқып жатыр.

"Полиция және өзге де құзырлы органдар тиісінше қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін және тыныштықты сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуылдар: СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

СІМ ғимараты

Такси бағасы үш есе қымбаттаған: inDrive-ке ескерту жасалды

такси

«Бетіңді тіліп тастаймын»: Алматыда пышақ ұстаған балалар тұрғындарды қорқытқан

Пышақ ұстаған бала

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты