USD
USD
USD

ТЖМ: Талдыкөл ауылының тұрғындары мен инфрақұрылымына қауіп жоқ

Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Талдыкөл ауылындағы эвакуациялау жұмыстарына қатысты кейінгі мәліметті бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су тасқыны: Елімізде бүгіндері 9 мыңға жуық адам эвакуациялық орындарды паналауда
Фото: Ашық дерек көздері

Атырау, NEGE. Елді мекендегі эвакопунктіде 26 адам тіркелген, оның ішінде 13 бала бар. Сондай-ақ 8 адам Атырауға көшірілді.

Тағы 18 адам туыстарына өз бетінше кетті.

"Талдыкөл ауылының тұрғындары мен инфрақұрылымына қауіп жоқ. Құтқарушылар тобы ауыл тұрғындарын қайықпен тасымалдауды жалғастырып жатыр. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Махамбет ауданының эвакуациялық комиссиясының шешімімен Талдыкөл ауылының тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялау басталғанын хабарлаған едік.

Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының мәліметінше, су басу қаупінің күшеюіне байланысты толық эвакуациялау тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова